Елімізде мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны артып келеді

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станда со??ы ?ш жылда мемлекеттік ?ызметтегі ?йелдерді? саны артып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы М?СЖА Мемлекеттік ?ызмет департаменті мониторинг ж?не талдау бюас?армасыны? басшысы Н?рг?л Жанназарова айтты.

Қазақстанда соңғы үш жылда мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны артып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы МҚСЖА Мемлекеттік қызмет департаменті мониторинг және талдау бюасқармасының басшысы Нұргүл Жанназарова айтты.

Оның айтуынша, гендерлік саясат жүзеге асырылып жатыр, яғни, мемлекеттік қызметтегі әйелдер санының артуы байқалып жатыр. "Соңғы үш жылда мемлекеттік қызметтегі әйелдер санының 54 пайыздан 56 пайызға дейін көбейгені байқалады. Салыстыратын болсақ,  2014 жылы саясаткер әйелдердің саны 34 болса, 2015 жылы - 39, 2016 жылы - 43", - деді Нұргүл Жанназарова.

Қазіргі уақытта 51 151 әйел мемлекеттік қызметте жүр. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтегі қызметкерлердің 55,5 пайызын құрайды. Осылайша былтырмен салыстырғанда мемқызметтегі әйелдердің саны 0,5 пайызға артқан.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің нәтижесінде алты мыңға жуық қызметкердің қызмет бабымен жоғарылағаны айтылады. Нұргүл Жанназарованың айтуынша, бұл реформа мемлекеттік қызметке тұру мүмкіндігін жоғарылатады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет департаменті мониторинг және талдау бюасқармасының басшысы мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткендердің саны 1,8 есеге азайғанын айтып өтті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама