Елімізде жыл сайын 600-ге жуық бала ісік ауруына шалдығады

Елімізде жыл сайын 600-ге жуық бала ісік ауруына шалдығады ©Нұрғиса Елеубеков

Жыл сайын елімізде&nbsp 600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығып отыр, - деп хабарлайды &nbspTengrinews.kz&nbspтілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.&nbsp

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Риза Боранбаева өткен жылдың қортындысы бойынша 583 баланың қатерлі ісік дертіне шалдыққаны анықталғанын айтады. &quotОның ішінде 133 бала - аққан ауруымен сырқаттанса, 450 бала өзге ісік түрлеріне шалдықты&quot, - дейді ол.

&nbspБүгінде еліміз бойынша науқас балалардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 пайызға жетса, Ресейде бұл меже 78 пайыз шамасында.

Жарнама
Жарнама

&quotҚатерлі ісікке шалдыққан балалардың ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 7 пайызды, 3-10, 10-15 жасқа дейінгі балалар - 20 пайызды, 15 жастан жоғары балалар 31пайызды құрады&quot, - дейді Р.Боранбаева.

Қазақстанда балалар онкологиясы бойынша аққан ауруы 34 пайызды құраған. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінде менлимфома ісігі артып, 17 пайызға жеткен.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама