Елімізде жыл соңына дейін әуе билеттері арзандауы мүмкін

© REUTERS

?Р Инвестиция ж?не даму министрі жыл со?ына дейін ?ша?пен жол ж?ру ба?асы айтарлы?тай т?мендейтінін м?лімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Осы?ан байланысты биыл ?уедегі апатты? салдарын тергеп, тексеретін жа?а мемлекеттік орган ??рылады. 

ҚР Инвестиция және даму министрі жыл соңына дейін ұшақпен жол жүру бағасы айтарлықтай төмендейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Осыған байланысты биыл әуедегі апаттың салдарын тергеп, тексеретін жаңа мемлекеттік орган құрылады. 

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, елімізде керосин тапшы екен. Сондықтан билеттің бағасы да жоғары.

"Керосиннің 60 пайызын шетелден тасымалдаймыз. Ал билет құнының 30 пайызы жанармай бағасына байланысты. Еліміздегі мұнай өңдейтін зауыттар қайта іске қосылған соң тапшылықтан құтыламыз. Отандық ұшақтарға жылына 800 мың тонна керосин керек", - деді министр.

Реклама
Реклама

Яғни, жыл соңына қарай әуекомпанияларына билетті арзандату туралы талап қойылады. Егер бағаны төмендетуден бас тартса, бағытты басқа тасымалдаушыларға береміз дейді министр. Сондай-ақ, сенаторлар жиілеп кеткен ұшақ апаттарына қатысты тексеруді сиырқұйымшақтандырып, нақты себебін жариялаудан қашатын шенеуніктерге де шүйлікті. Бұл ретте Мұхтар Алтынбаев әуедегі қауіпсіздік пен төтенше жағдайларды зерттейтін бөлек орган құруды ұсынды.

Сондай-ақ, министр азаматтық авиация комитеті әуе кеңістігінде болған апатты, төтенше жағдайды тексеру жұмыстарына араласпайтынын айтты. "Оған комитеттің еш қатысы жоқ. Ал көлік прокуратурасының талаптарына қатысты дәлел, уәжіміз бар", - деді Қасымбек. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама