Еліміздің бірнеше өңірінде алғашқы қар жауды: Қолданушылар суреттер мен видеоларды жариялап жатыр

Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше қалада қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның солтүстігіндегі бірнеше қалада қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары алғашқы қардың суреттері мен видеоларын жариялап жатыр. Айтуларынша, Астанада, Қарағандыда және Павлодарда қар жауды.

Қарағандыдағы алғашқы қар.

Реклама
Реклама

Павлодардағы алғашқы қар.

 

Еске сала кетейік, осыған дейін синоптиктер сулы қар және ауа температурасы үсікке дейін төмендеуі екенін хабарлаған болатын. "Қазақстанға Карск теңізі аумағынан суық және ылғулды ауа массалары келеді, сол себептен демалыс күндері күн суытады және жаңбыр күтіледі, солтүстік, орталық және шығыс аудандарда жаңбырдың соңы қарға ауысуы ықтимал. Оңтүстік шығыста жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, таулы аймақтарда сулы қар және ауа температурасы үсікке дейін төмендеуі болжанады", - деген еді синоптиктер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама