Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады

© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер ертең еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер ертең еліміздің бірнеше өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болатынын ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 7 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Реклама
Реклама

Ақтауда да ертең күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с  дейін күтіледі. Оралда да күндіз бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күшейетіні болжанып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама