ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 маусым 2018 15:07
Еліміздің екі облысында қатты жел соғып, бұршақ жауады деп болжанып отыр
"Қазгидромет" РМК Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында жауын, жел және бұршақ жаууына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"11 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін қатты жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 метр болады және жауын, тұман түсіп, бұршақ жауу мүмкін", - делінген хабарламада.
Петропавловск қаласында желдің жылдамдығы секундына 25 метр болады. Жауын жауады және бұршақ жауу мүмкін. Дауыл соғуы ықтимал.
Мамандардың болжамынша, Ақмола облысында да ауа райы осындай болады.
"11 маусымда Ақмола облысында таңғысын және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жауын мен бұршақ жауу ықтимал", - дейді синоптиктер. Мұнда да дауыл тұруы мүмкін.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу