Еліміздің төрт облысында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды

© sarinform.com

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында барлық бағыт бойынша жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" сайтына сілтеме жасап.

"Қазақавтожол" өкілдерінің мәліметінше, СҚО, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылған. Мұнда қоғамдық және дизельді көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылып отыр.

Павлодар облысында да ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеп, барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал-Тасқала, Самара-Шымкент тасжолдарының жабылғаны айтылады.

Атырау облысында Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолы, Шұбарқұдық-Қарауылкелді ауылындағы тасжол жабылған. Алматы облысында да Үшарал-Достық тасжолында барлық көлік түрі үшін қозғалыстың тоқтатылғаны айтылады.

Еске салайық, кеше, 7 ақпанда синоптиктер Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама