Елімізде 2 миллион адам СOVID-19 жұқтырғыны рас па? ДСМ түсінік берді

Фото: euronews.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова экономист Олжас Құдайбегеновтің пікірімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова экономист Олжас Құдайбегеновтің пікірімен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған дейін экономист елімізде 2 миллион адам коронавирус жұқтырғанын айтқан болатын.

"Қазіргі таңда әлемде симптомсыз науқастардың үлесі 15-40 пайыз аралығында. Ол көрсеткендай 85 пайыз емес. Ал пневмониямен ауырғандардың үлесі 20 пайыз шамасында. Сондықтан біз Олжас келтірген деректермен келіспейміз", - деді Есмағамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері елімізде коронавирус жұқтырған, бірақ басқа созылмалы аурудан 319 адам қайтыс болғанын айтқан еді.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 76 799-ға жетті. 48 220 науқас дертінен айықты, 585 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама