ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2019 | 17:58
Елімізде 300 мыңнан аса мұғалімнің жалақысы өседі
Білім саласының негізгі, қосымша, техникалық және басшылық қызметкерлерінің жалақысы өседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім саласының негізгі, қосымша, техникалық және басшылық қызметкерлерінің жалақысы өседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Білім және ғылым министрлігінде педагог қызметкерлердің жалақысы туралы сөз болды.
"Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2019 жылы 109 миллиард теңге білім саласына бөлінеді. Алдағы уақытта қаражат 234 миллиард теңге болады. Жалақы республиканың барлық өңірі бойынша бір уақытта көтеріледі. Білім саласында жарты миллион қызметкердің, соның ішінде 300 мыңнан аса педагогтің жалақасы артады", - дейді ҚР БҒМ.
Қызметкерлердің ерекше еңбегі үшін қосымша ақы қарастырылады. Мәселен, сынып жетекшілік үшін, дәптер тексеру мен жазбаша жұмыс, жаңартылған бағдарлама мен педагогтік шеберлік квалификациясы үшін ақы төленеді.
1 маусымнан бастап мектепалды мекеме, колледж, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің жалақысы артады.
Ал, мұғалімдердің мерзімінен бұрын зейнетке шығу ұсынысы қабылданған жоқ.
Естеріңізге салсақ, ERG компаниясының қолдауымен "Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы басталған. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.
Мектеп кезіңізді еске түсіре отырып, сүйікті мұғалімдеріңіз немесе балаларыңыздың ұстаздары жайлы айтарыңыз болса, news@tn.kz поштасына хабарлама жіберсеңіздер болғаны. Осы жоба арқылы алғыс айтылуы тиіс мұғалімдерімізді бүкіл елге танытқымыз келеді.
Показать комментарии
Читайте также