23 қазан 2018 | 09:19

Елімізде ажырасқан ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі отбасын құрады - Статистика

Қазақстанда ажырасқан ер адамдар ажырасқан әйелдерге қарағанда жиі үйленеді екен. Мұндай мәліметті ҚР ҰҚК Статистика комитеті Tengrinews.kz сауалына берген жауабында келтірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ажырасқан ер адамдар ажырасқан әйелдерге қарағанда жиі үйленеді екен. Мұндай мәліметті ҚР ҰҚК Статистика комитеті Tengrinews.kz сауалына берген жауабында келтірді.

Ведомство мәліметінше, ажырасқан 22 352 қазақстандық ер адам 2017 жылы қайтадан үйленген. Ал тұрмыста болған 18 861 әйел өткен жылы қайтадан тұрмыс құрған. Мұндай жағдай биыл да қайталанып отыр. Қаңтардан тамызға дейінгі аралықта 14 887 ер адам отбасын құрса, 12 636 әйел қайта тұрмысқа шығыпты.  

Реклама
Реклама

Ал жесірлерге келсек, мұнда мүлдем басқа жағдай: 2017 жылы екінші жартысынан айырылып қалған қазақстандықтар 1593 рет қайта үйленген, ал жесірлер болса 1884 рет қайта тұрмысқа шығыпты. 2018 жылдың 8 айында әйелінен айырылған 984 ер адам мен күйеуінен айырылып қалған 1170 жесір тұрмыс құрыпты.

2017 жылы 141 791 неке қиылған, биылғы қаңтар мен тамыз аралығында 88 931 неке тіркелген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная