ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2020 | 10:23
Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
9 қарашада Қазақстанның 14 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
9 қарашада Қазақстанның 14 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Осыған байланысты Төтенше жағдай министрлігі қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді.
Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда бұл күні жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін, тіпті, оның күші 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысында жел секундына 17-22 метр, Атырау облысында секундына 15-20 метр, Шығыс Қазақстан облысында 15-20 метр, тіпті, секундына 25 метрге дейін соғуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 метр, тіпті, оның жылдамдығы 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қостанай облысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел 15-20 метрге дейін, тіпті оның жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.
Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді.
"Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ болады. Салдарынан жол апаты, сонымен қатар, көшеде жарақат алу қаупі артады. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім киюге кеңес береміз. Абай болыңыздар!", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ескертеді.
"Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту хабарламаларын тыңдап, сақтық шараларын сақтаңыздар", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, еліміздің кей өңірлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метр, тіпті секундына 30 метрге жетуі мүмкін.
"Әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді сақтауға кеңес береміз. Шағын қалалар мен мегаполистер жағдайында дауыл мен дауыл кезінде де зардап шегуге болады. Қатты дауыл кезінде үйдегі немесе пәтердегі барлық терезе тығыз жабылуы тиіс", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, шыны салынбаған балкондар мен лоджиялардан қатты жел кезінде сыртқа түсуі мүмкін барлық затты (құмыралар, банкалар, жәшіктер, шөлмектер және тағы басқа) алып тастау керек.
"Көшеде дауыл тұрған кезде өзіңізді жарнама қалқандарынан (және басқа да аспалы құрылымдардан), автобус аялдамаларынан, электр беру желілерінен, әрі ағаштардан мүмкіндігінше алыс тұрыңыз. Айналаңызға қараңыз, өзіңізді жан-жағыңыздағы адамның басына құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ болыңыз. Үзілген сымдар мен сырғитын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды!
Қатты жел соққан кезде жақын маңдағы ғимаратта немесе қауіпсіз жерде ол аяқталғанға дейін жасырыну керек.
Теректің астына автокөлік қоюға болмайды. Өйткені, ағаш құлаған кезде қауіпті болуы мүмкін. Шіріген және ескі, сонымен қатар, жалғыз тұрған ағаштар өте қауіпті!
Үйде қалыңыздар, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также