ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қыркүйек 2020 | 17:14
Елімізде ауруханалар COVID-19 жұқтырған қанша науқасты қабылдай алады?
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа толқынына қалай дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа толқынына қалай дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындалып жатырмыз. Қазақстанның медициналық мекемелері бір мезетте 70 мыңнан астам төсек-орын дайындай алады. Оның ішінде 3 мыңнан аса орын реанимациялық болып саналады.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге тоқталайын. Бірыңғай дистрибьютор стационарларда 60 мыңға жуық науқас емделуі мүмкін деген болжаммен 8 миллиард теңгеден аса сомаға сұранысқа ие 44 дәрі-дәрмек сатып алып жатыр. Бұл шара коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге және жаңа толқын кезінде дәрінің қорын және алдын ала жоспар құруға мүмкіндік береді", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол амбулаториялық деңгейде препараттар тізбесі кеңейтілгенін, COVID-19 нозологиясы енгізілгенін атап өтті. Оның ішінде дәрілердің бес атауы - ыстықты түсіретін дәрілер мен антикоагулянттар бар.
"Бұл жыл соңына дейін 1 миллион адамды дәрімен қамтамсыз етуге мүмкіндік береді. Зертханалық тестілеудің қуатына тоқталайын. Олар бүгінде тәулігіне 40 мың ПТР-тестке дейін жеткізілді, зертханалар саны 80 данаға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта 11 өңірде 25 зертхана ашылды, олар 20 мың зерттеу жүргізеді, жыл соңына дейін бұл зертханалардың қуаты тәулігіне 63 мың тестке дейін ұлғаятын болады", - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 661-ге жетті. 100 409 науқас дертінен айықты, 1 656 адам қайтыс болды.
Сондай-ақ, 1 тамыздан бері COVID-19 белгісі бар пневмонияның 28 928 дерегі тіркелген. 318 адам қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также