Елімізде демалыс күндері күн суытады

Елімізде демалыс күндері күн суытады Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 8-10 тамызда жаңбыр жауып, күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Қазақстанда 8-10 тамызда жаңбыр жауып, күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағынан оңтүстік циклон өтеді, сондықтан елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жауын жауады, солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер болуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда шілде айында ыстықтан көпжылдық рекорд орнағанын хабарлаған болатын.

Ал 6 тамызда Маңғыстау облысында жаңбырдың жеті айлық мөлшері жауды. Ақтауда көшелерді су басты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама