18 маусым 2020 19:29

Елімізде қанша жасанды тыныс алдыру аппараты бар?

Фото: gazeta.ru

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева елімізде қанша жасанды тыныс алдыру аппараты бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева елімізде қанша жасанды тыныс алдыру аппараты бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, Қазақстанда 3 200-ден астам жасанды тыныс алдыру аппараты бар.

Реклама
Реклама

"Егер мұндай аппараттар қажет болса, жұқпалы ауруханалардағы жансақтау бөлімі қосымша құралдармен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда жасанды тыныс алдыру аппаратының үштен бірі пайдаланылып жатыр. Олар инфекциялық стационарына қойылды. Жағдайы ауыр науқастар аппараттарға қосылған", - дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 887-ге жетті. 9902 науқас дертінен айықты. Coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, 100 адам қайтыс болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram