30 сәуір 2021 12:49

Елімізде тағы бір санаттағы тұрғындарға вакцина тегін болады

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстанда үш айдан аса уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары вакцинаны тегін салдырады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін де, тұруға ықтиярхаты бар және ел аумағында тұрақты тұратын азаматтар үшін де вакцинация тегін жүргізіліп жатқанын еске салды.

"Кеше ғана ВАК-тың коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі отырысында 3 айдан аса уақыт елде болған шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары да еліміздің ұжымдық иммунитетін қамтамасыз ету үшін тегін егіледі деген шешім қабылданды", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Реклама
Реклама

30 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 1,184 миллион адам екпе салдырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram