01 қазан 2020 15:27

Еліміздің 4 облысында құстардың қырылуы тоқтады

Фото: eanews.ru

Еліміздің 4 облысында құстардың қырылуы тоқтады. Бұл туралы АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау департаментінің басшысы міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тәулік бойынша көрсеткіштер құс өлімі азайғанын көрсетіп отыр. Соңғы тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында құс тұмауынан құстардың қырылу жағдайы тоқтады. Ал СҚО, Павлодар, Қостанай облыстарында да бұл көрсеткіш азайып келеді" - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Ол құс өлімі Қазақстанның 7 облысының 41 ауданының 99 елді мекенінде тіркелгенін атап өтті. Жеке аулаларда 23 854 құс қырылған, ал 2 құс фабрикасындағы өлген құстың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram