Еліміздің 7 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 7 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды Фото: elements.envato.com

Ертең, 25 қыркүйекте Қазақстанның 7 облысында жел мен үсікке байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Ертең, 25 қыркүйекте Қазақстанның 7 облысында жел мен үсікке байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жарнама
Жарнама

Павлодар облысында солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 17 метрге жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстіктен жел соғып, кей жерлерде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда да тұман түседі.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде кей жерлерде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

25-27 қыркүйек аралығында түнде Қызылорда облысында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Сонымен қатар, 24-26 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, ағын су жүруі ықтимал.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама