ПОДЕЛИТЬСЯ
18 тамыз 2020 | 11:43
Еліміздің 8 өңірінде жүк көліктерінің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауыр жүк таситын көліктердің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, жазғы кезеңде мұндай көліктердің қозғалысына шектеулер 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде енгізілген болатын. Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысына қойылған шектеулер 31 тамызға дейін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда күшін сақтайды.
"8 тоннадан аса жүк тиейтін көліктердің қозғалысына шектеулер жыл сайын енгізіледі. Бұл шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, тез бүлінетін тауарларды, жолаушыларды, жүктерді, бөлуге келмейтін көлемді әрі ауыр жүктерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ, жолдарда қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген көліктерге қатысты емес", - деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также