19 желтоқсан 2020 | 17:56

Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады, бұрқасын болады, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болады, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

Реклама
Реклама

20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкенттің кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.

Ведомство өкілдері азаматтарды ауа райы өзгерістерін бақылауға шақырды. "Ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн. Қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал", - дейді ТЖМ өкілдері.

Олар қандай да бір елді мекенге шұғыл бару ерек болса, діттеген жерге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram