Еліміздің әр өңіріндегі шекара заставаларына батырлардың есімі берілуі мүмкін

Еліміздің әр өңіріндегі шекара заставаларына батырлардың есімі берілуі мүмкін © ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Шекара заставаларына батырларды? есімін беру м?мкіндігі туралы м?селені егжей-тегжейлі зерделеу ?шін ??К Шекара ?ызметіне м?дделі мемлекеттік органдармен бірлесіп белгіленген т?ртіппен тиісті ж?мыс ж?ргізу тапсырылды. Б?л туралы премьер-министрді? орынбасары Ерболат Досаевты? депутатты? сауал?а берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шекара заставаларына батырлардың есімін беру мүмкіндігі туралы мәселені егжей-тегжейлі зерделеу үшін ҰҚК Шекара қызметіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп белгіленген тәртіппен тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін депутаттар шекара заставаларына батыр бабаларымыздың есімдерін беру мәселесін көтерген еді. Олардың айтуынша, бұл шекарашыларды батыр бабалардың ұлы рухында тәрбиелеуге үлес қосады және олардың есімдерін қазақ халқының тарихында мәңгі есте сақтауға оң ықпал ететіні сөзсіз. 

Мемлекеттік меншік объектілеріне, оның ішінде шекара заставаларына атаулар беру тәртібі Үкіметтің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген тиісті Қағидалармен (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалатыны айтылады.

Реклама
Реклама

"ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша, шекара заставаларының жалпы санының 10-ына атау беріліп қойған. Жергілікті атқарушы органдар қолдаған Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың Қызылорда облысындағы "Қызылқұм" шекара заставасына Жанқожа батырдың атын беру туралы бастамасы Үкіметтің 2017 жылғы 3 сәуірдегі №157 қаулысымен іске асырылғаны өздеріңізге белгілі", - делінген Досаевтың жауабында.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев қағидаларға сәйкес, мемлекеттік меншік нысандарына атау беру кезінде бірқатар талаптың ескерілетінін айтып өтті.

"Оның ішінде тарихи, географиялық және мәдени ерекшеліктер, әдеби тіл нормаларына сәйкестік, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен қоғам алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдардың есімдерін беру", - деп жауап берді ол депутаттық сауалға.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама