19 ақпан 2019 | 10:09

Еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады

© pixabay.com

Қазақстанның барлық аумағында 19 ақпанда ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның барлық аумағында 19 ақпанда ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, жел күшейеді.

Реклама
Реклама

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел күшейеді, күндіз 15-20, Ақмола облысында секундына 25 метр болады.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 15-23 метр жел күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-22, Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні секундына 25 метр болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 жел соғады, Түркістан облысында күндіз екпіні секундына 25 метр болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 25 метр, күндіз 15-20 метр болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады, секундына 17-22 метр жел соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная