ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2024 | 15:37
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
26 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтауда 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады, күндіз қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұруі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді.
Көкшетауда 26 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда түнде және таңертен Қарағанды облысының батысында. солтүстігінде тұман түседі.
Қарағандыда 26 мамыр күні түнде жаңбыр, қар жауады, күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Қонаевта 26 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с.
26 мамырда күндіз Ұлытау облысында найзағай онайды. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Жезқағанда 26 мамырда найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
26 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, тұман түседі.
Таразда 26 мамырда түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
26 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында, оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семейде күндіз найзайғай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
26 мамырда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанайда 26 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскеменде 26 мамырда күндіз найзайғай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с. 26 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылордада 26 мамырда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел батысқа ауысады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Павлодарда 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
26 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Петропавлда 26 мамырда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
26 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтобеде 26 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Талдықорғанда 26 мамырда күндіз қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда Атырау облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также