23 желтоқсан 2019 | 09:20

Еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

© photo.bymedia.net

23 желтоқсанда елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түсіп солтүстік өңірлерде боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

23 желтоқсанда елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түсіп солтүстік өңірлерде боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Атлант мұхитынан келген циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты кей жерлерде қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста құрғақ ауа массалары жететіндіктен жауын-шашын тоқтайды. 

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында бұрқасын күтіледі, күндіз Солтүстік Қазақстан, тәулік бойынша Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Актөбе облыстарының тұман түседі, Алматы облысында көктайғақ болуы ықтимал.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная