26 ақпан 2014 18:21

Елімізге нағыз көктем наурыздың соңында келеді

©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанда наурыз айы тұтас суық болады, күннің айтарлықтай жылынуы тек айдың соңында ғана байқалады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК жетекші инженер-синоптигі Нұрсәуле Қуандықоваға сілтеме жасап хабарлайды. Көктемнің алғашқы айы суық ауаның кезекті толқынының келуімен басталады. Елімізде ауа райы ашық, бірақ аязды болады, әсіресе, солтүстік-шығыста ауа температурасы нөлден түнде 20-25 градусқа, күндіз 10-15 градусқа төмендейді. Бұдан соң еліміздің батысына жылы ауа массалары келеді, сынап бағанасы түнде 5-10 градус аязды, күндіз 0-ге жуықты көрсетеді. "Республика бойынша көктемнің жылы да ашық күндерімен ауысып отыратын суықтықтың үш толқыны күтіледі. Суықтықтың ең жіті толқыны айдың ортасында байқалады, суық ауа массаларының келуінен термометр бағандары батыста түнде 10-15 градусқа, күндіз 3-8 градусқа төмендейді. Солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда түнде 17-25 градус, күндіз 12-18 градус аяз болады, оңтүстікте түнде 8-13, күндіз 0-5 градус аяз болады. Температураның айтарлықтай жоғарылауы тек айдың үшінші онкүндігінде, Наурыз мерекесінен соң ғана байқалады", - дейді синоптик. Еске сала кетейік, Қазақстанда ақпан айы толассыз жауған қармен есте қалған еді. Сонымен бірге, қыстың соңғы айы аязды болып тұр. Мамандар бұған дейін ақпанның 25-27-сі күндері еліміздің көп бөлігінде аяздың біртіндеп бәсеңдейтінін хабарлады. Мұның алдында ауа температурасының күрт төмендеуіне Кар теңізі аудандарынан жеткен суық ауа себеп болды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram