03 мамыр 2020 | 09:51

Елорда әкімі құрылыс компанияларына қатаң ескерту жасады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құрылыс компанияларына қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құрылыс компанияларына қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

Ол Бейсеков, Бөкейхан және тағы басқа көшелерде орналасқан бірқатар тұрғын үй кешендерін аралап, ереже бұзу фактілерін анықтаған.

"Қолжетімді баспана салу -  басым міндеттердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды. Бірінші кезекте қолжетімді баспана жеңілдікпен пәтер алуға кезекте тұрған адамдарға беріледі. Сіздер, құрылыс компаниясы ретінде, үйді сапалы салуларыңыз керек. Кезекте тұрғандарға кілттерді табыстаған кезде барлығы дайын тұруы тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар елорда әкімі қолжетімді баспананы салу барысында кемшіліктер болғанын атап өтті.

"Кемшіліктер бар. Бір нысанда құрылыс жұмыстары баяу жүрсе, екіншісінде техникалық қадағалау мамандарының пікірі ескерілмейді. Бірнеше жылдан соң түсіп қалатын плиталарды не үшін қолданасыздар? Сапалы құрылыс жұмыстарын жүргізе алмасаңыздар, бұл жұмыспен айналыспау керек. Ал құрылыс жұмыстарын бастағандар жауапкершілік танытып, тиісті деңгейде салуға міндетті", - деді Алтай Көлгінов.

Құрылыс компанияларына барлық кемшілікті түзетуге уақыт берілді. Ал ереже бұзу фактілері тағы анықталған жағдайда олармен шарт бұзылады.  

Сондай-ақ жаңадан салынған тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында емхана, балаларға арналған шағын орталықтар, оңалту орталықтары, полиция пункті сияқты әлеуметтік нысандар орналасады. 

Фото: Александр Куприенко


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная