28 сәуір 2021 | 10:04

Елорда ардагерлеріне 9 мамырға орай қандай төлемдер беріледі?

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімдігі ардагерлерге 9 мамырға берілетін төлемдер сомасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімдігі ардагерлерге 9 мамырға берілетін төлемдер сомасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 25 ардагері тұрады. Биыл олар бір миллион теңге көлемінде біржолғы төлем алады.

Біржолғы ақшалай төлем тыл еңбеккерлеріне және қайтыс болған ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің әйелдеріне де берілерді, олардың саны 2 695. Олар 32 087 теңгеден алады.

Реклама
Реклама

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де төлем алады. Бұл ҰОС кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер; фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинградта қаланы қоршау кезеңінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары; жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер; азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған балалары.

Бұл санатқа 415 адам кіреді. Оларға 102 095 теңге мөлшерінде төлем берілуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная