Елорда атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет етілмейді - министрлік

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады", - делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.

Бұл ретте, Қаржы министрлігі мәліметінше, бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Реклама
Реклама

"Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді", - деп толықтырды министрлік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама