08 шілде 2022 | 16:05

Елорда халқының саны 2035 жылға қарай екі есе артуы мүмкін - Алтай Көлгінов

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, бірінші бас жоспарға сәйкес 2030 жылы халық саны 800 мың адам болады деп жоспарланған.

"Кейін 2010 жылғы бас жоспар түзетіліп, 2030 жылы 1,2 миллион адам болады деп болжанды. Кейінгі деректер астаналықтар саны 2035 жылға қарай 2,3 миллионға жететінін көрсетті. Бірақ, көріп отырғанымыздай, бұл көрсеткішке қолжеткіздік. Қазір бас жоспарды түзеп жатырмыз. Осындай өсу қарқыны сақталса, болжам бойынша, 2035 жылға қарай Нұр-Cұлтан халқы екі есе өседі", - деді әкім ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстан халқы саны 2022 жылғы 1 сәуірде 19 миллион 178,8 мың адам болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная