Елорда полицейлері қала жолдарында мас күйінде көлік жүргізгендерді анықтауда

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада әр демалыс сайын "Мас жүргізуші – қылмыскер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу мақсатында мас күйінде көлік жүргізгендерді анықтауда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанада әр демалыс сайын "Мас жүргізуші – қылмыскер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу мақсатында мас күйінде көлік жүргізгендерді анықтауда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен демалыс күндерінің қорытындысы бойынша Астанада жол қозғалысы ережелерін 22 өрескел бұзу дерегі тіркелді.

Мәселен, полицейлер "Toyota Camry" маркалы көлікті есірткілік масаң күйде басқарған 26 жастағы жүргізушіні тоқтатты, бұл факт медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Ол ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды және наркологиялық есепке қою жазасын тағайындады.

Реклама
Реклама

Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 900-ден астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. "Заң және тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады.

Tengrinews
Астана әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама