1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Елорда полицейлері пәтер аралап тексеріс жүргізіп жатыр

Елорда полицейлері қала бойынша аулалар мен пәтерлерді аралай бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан коменданты, Полиция департаментінің басшысы Ержан

Елорда полицейлері қала бойынша аулалар мен пәтерлерді аралай бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан коменданты, Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәденов елордалықтарға үндеуінде қалада жағдай тұрақты екенін айтты. 

"Қала толық бақылауда. Блокбекеттер жұмыс істеп тұр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтау мақсатында арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде аулалар мен пәтерлерді аралау жүріп жатыр. Тұрғындарды түсінікпен қарап, қолғабыс етуге шақырамыз. Күдікті адамдар туралы ақпарат білсеңіз, хабарлаңыз", - деді ол.

Полиция департаментінің басшысы Нұр-Сұлтанда коменданттық сағат әлі де жалғасып жатқанын еске салды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!