08 маусым 2021 12:27

Елорда тұрғындары мен полициясы көшеде жүрген үйректерді құтқару "операциясын" жүргізді

Камила Долаева Журналист

Нұр-Сұлтан полициясы мен тұрғындары үйректерді құтқару "операциясын" жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан полициясы мен тұрғындары үйректерді құтқару "операциясын" жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 маусымда сағат шамамен 20.40-та елорда тұрғыны Байтұрсынов көшесі бойындағы жолдың маңындағы бұталардың ішінде жүрген үйрек пен оның балапандарын байқап қалған. Ол полицияға қоңырау шалып, қызметкерлерден оларға жолдан өтуге көмектесуін сұраған.

Реклама
Реклама

"Елорда тұрғыны Татьяна Зигельдің айтуынша, ол құстарды өз бетінше құтқармақ болған, бірақ қолынан келмепті. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жетті. Тәртіп сақшылары жүгіріп жүрген үйректерді картон қорапқа мұқият жинап, аман-есен Есіл өзеніне жіберді", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

Полицияға жүгінген әйелдің айтуынша, балапандарды құтқару үшін көлік қозғалысын уақытша тоқтатуға тура келді.

Тәртіп сақшылары құтқару операциясына елорданың басқа да тұрғындары қатысқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram