ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2020 | 15:31
Елорда тұрғындары саяжайларына баруға рұқсат беруді сұрап жатыр
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен елорда тұрғындарына саяжайға баруға рұқсат беріле ме деген сұраққа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен елорда тұрғындарына саяжайға баруға рұқсат беріле ме деген сұраққа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, астаналық саяжайы бар тұрғындар жедел штаб өкілдерінен бау-бақша жұмыстарына рұқсат беруді сұрады.
"Бүгін біздің жедел штабқа көптеген қоңырау келіп түсті. Олардың қатарында саяжай ауылдарыңың тұрғындары бар, олар өздерінің саяжайларына баруға рұқсат етуді сұрап жатыр", - деп хабарлады Мәкен.
Әкімдіктегілер бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты. Олар штаб шешімін кейінірек хабарлауға уәде берді.
Бұдан басқа, әкімнің орынбасары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтініштері туралы айтты.
"Оларға да рұқсат керек, біз бұл жұмысты іс жүзінде жүргізіп, барлық дерлік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге рұқсат қағазын бердік. Ақмола және Павлодар облыстарында көктемгі егіс басталды. Тұрғындар саяжайда қсіретін өсімдіктерді сататын дүкендерді ашуды ұсынды", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также