26 желтоқсан 2019 | 17:56

Елорда тұрғындарының саны 5,8 пайызға өсті

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы 1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны - 1 127 263 адам. 2018 жылмен салыстырған халық саны 61 360 адамға немесе 5,8 пайызға өсті, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы 1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны - 1 127 263 адам. 2018 жылмен салыстырған халық саны 61 360 адамға немесе 5,8 пайызға өсті, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

2019 жылғы қаңтар-қазанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұтастай алғанда 24299 туылғандар тіркелді, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,9 пайызға кеміді. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 26,34 туылған.

Реклама
Реклама

"Осы кезең ішінде қалада 3595 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 3,90 пайыз қайтыс болған. 2019 жылдың қаңтар-қазанда халықтың табиғи өсімі 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 601 адамға немесе 2,8 пайызға кеміді", - делінген хабарламада.

Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 31 пайыз, жаңа өскін - 21,4 пайыз, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 9,5 пайыз, тыныс алу органдарының аурулары - 7,6 пайызды алады.

Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте елордаға 137585 адам келіп, 109410 адам кетті (көші-қон айырымы +28175 адам).

Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан. 2019 жылғы қаңтар-қазанда келгендер 71985 адамды, кеткендер 42807 адамды құрайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная