13 маусым 2019 | 08:18

Елордада 480 күн ес-түссіз жатқан балаға ота жасалды

Камила Долаева Журналист
© Sputnik / Дәурен Ерболат

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары 480 күн ес-түссіз жатқан павлодарлық бүлдіршінге сәтті ота жасады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары 480 күн ес-түссіз жатқан павлодарлық бүлдіршінге сәтті ота жасады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осыған дейін Кәрім Тәңірбергеннің анасы баласын мануалды массажға апарыпты. Салдарынан бүлдіршіннің омыртқасы сынып, демала алмай қалған. Ол Павлодардағы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 480 күн ес-түссіз жатқан.

Реклама
Реклама

Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы Кәрімді санитарлық авиацияның көмегімен 30 сәуір күні бүлдіршінді астанадағы ұлттық нейрохирургия орталығына жеткізді. Бүгін бұл орталықтың нейрохирургтары 2 жасар бүлдіршінге күрделі ота жасады. Жұлын нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев операцияның сәтті өткенін айтты.

"Мұндай операция әлемде алғаш рет жасалды. Бұған дейін 2 жасар балаға дәл осындай ота жасалмаған. Стандартты операцияда баланың қарақұсы мен мойын омыртқасына үлкен тілімше бекітіледі. Ал ол алдағы уақытта баланың еркін қозғалуына кедергі жасайтын болады", -деді дәрігер.

Оның айтуынша, бұл жолы отандық мамандар басқа технологияны пайдаланған.

"Біз бүлдіршіннің мойын омыртқасына арнайы бекіткіштеді қойдық. Ол құрал титаннан жасалады. Қарапайым тілмен айтатын болсам, бұл құралды бала басын ұстауы үшін буынға бекіттік. Осылайша, баланың зақымданған мойын омытрқасының бөлігі қалпына келтірілді. Ота аяқталған соң, баланың мойын омытрқасын рентгенге түсірдік. Операцияның сәтті өткеніне көзіміз жетті", - деді ол журналистерге.

Дәрігер күрделі отаның үш-төрт сағатқа созылғанын айтты. Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастапты. Күрделі операция түске таман аяқталды. 

"Павлодардағы облыстық балалар ауруханасында жатқан кезде Кәрімнің жағдайын бір жылдай бақыладық. Ол басын ұстай алмайтын. Мойын омыртқасы 4 жерден сынып, буыны шыққан. Сондықтан алдымызға 3 мақсат қойдық: алдымен жұлын мен сопақша миды босату, екіншіден, оны орнына қою. Үшіншіден,бекіту. Осы мақсатымызға жеттік. Баланың денсаулығы жақсарып кетеді деген үміттеміз", - деді нейрохирург.

Бірақ ол бала қашан жүріп кетеді деген сұраққа нақты жауап бере алмады. Дәрігердің айтуынша, бұл уақыт еншісінде.

Талғат Керімбаев мұндай күрделі отаның бұрын-соңды неге жасалмағанын түсіндірді.

"Мойын омыртқасы мен сопақша ми аумағына операция жасау өте қиын. Себебі, мұндағы тамырлар адам өмірі үшін өте маңызды. Олар сүйек өзектері арқылы өтіп, жұлын мен сопақша мидың қызметіне әсер етеді. Мұнда омыртқа артериясы мен мойындырық көк тамырын да атап өткен жөн. Олар сүйек өзектеріне өте жақын орналасқан. Ал екі жасар сәбидің сүйектері кішкентай әрі қатпаған. Сондықтан бұл операцияны жасау өте қиын", - дейді дәрігер.

Нейрохирург Кәрім Тәңірберген қазіргі таңда наркозда жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бала ертең есін жияды. Енді оның денсаулығы дәрігерлердің қырағы бақылауында болады. Сәбидің анасы журналистерге сұқбат беруден бас тартты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная