ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2024 | 15:53
Елордада Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық марафоны өтеді
Астанада 1 маусым "Charity Samruk Marathon 2024" марафоны өтеді. Барлық жиналған қаражат әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорына аударылады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада 1 маусым "Charity Samruk Marathon 2024" марафоны өтеді. Барлық жиналған қаражат әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының "Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қорына аударылады.
Аталған ауқымды шараға Samrukmarathon.kz сайтында тіркелуге болады. Ұйымдастырушылар жүрегі жомарт әрі салауатты өмір салтын ұстанатын кез-келген қазақстандық жүгіруге қатыспаса да, жоғарыда көрсетілген сілтемеде ізгілік жарнасын жіберу арқылы ірі көлемде қайырымдылық жасауға, қиын жағдайда қалған отандастарына қол ұшын созуға үлес қоса алатындарын айтады. Мыңдаған желаяқтың бас қосатын игілікті шараның басты ұраны – "Күшіміз бірлікте!".
"Биыл негізгі бағыт ретінде инклюзия мәселелерін басты назарда ұстап отырмыз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 37 оңалту орталығы, 11 спорт кешені және 26 спорттық-ойын алаңы ашылды. Сондай-ақ, Қордың күшімен еліміздің 23 қаласында ерекше мың балаға арналған 90 бейімделген спорт секция жұмыс істеп тұр. Қор бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырады. Осы орайда, баршаңызды қайырымдылық марафоны арқылы ерекше балаларға қамқорлық көрсетуге шақырамын", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Марафоншылар 5 және 10 шақырым қашықтықтарға жүгіреді. Балаларға да 400 және 1000 метрлік қашықтықтар қарастырылған.
"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тек 2023 жылы 7,2 млрд теңгеге 46 қайырымдылық жобаны жүзеге асырса, жыл басынан бері 16,5 млрд теңгеге 10 жобаны қаржыландырған.
Samruk-Kazyna Trust ұсынған материал
Показать комментарии
Читайте также