05 қазан 2021 | 17:55

Елордада бір күнде 100-ден аса жол-көлік оқиғасы болды

Видеодан кадрлар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түнде елорда жолдарын көктайғақ басып қалды. Таңертең әлеуметтік желілерде апат орындарынан көптеген кадрлар пайда болды.

Реклама
Реклама

Полиция департаментінің мәліметінше, қалада таңғы 8-ден бастап 105 апат болған. Өткен тәулікте елордада 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Қарағанды ​​бағытындағы тас жолда көктайғақтан үш көліктің соғылысуымен апат болды. Полицияның хабарлауынша, 36 жастағы Мерсеdес жүргізушісі рөлді басқара алмай, Toyota, Chevrolet көліктерімен соқтығысқан. Инерциямен Toyota шұңқырға түсіп кеткен.

"Апат салдарынан Toyota көлігінің жолаушылары жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шықты", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерден жолда өте абай болуды және жылдамдықты шектеуді, қашықтық сақтауды сұрайды.

Астаналықтарға көліктің жазғы дөңгелегін қысқыға ауыстыруға кеңес берілді. Дәл осындай үндеу әлеуметтік желілерде қала тұрғындары тарапынан да айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная