10 тамыз 2022 | 08:27

Елордада ер адам 10-қабаттан құлаған бес жасар қызды қағып алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлаған бес жасар қызды өтіп бара жатқан ер адам ұстап қа-лған. Оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлаған бес жасар қызды өтіп бара жатқан ер адам ұстап қа-лған. Оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған. Кешкі сегіздер шамасында Қабанбай батыр 42 мекенжайында 2017 жылғы қыз бала терезеден құлаған. Сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қызды қағып алуға тырысқан.

"Ер адам құлаған қызды қағып алып жарақатын жеңілдетуге себепші болды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті Талғат Әбдіханұлы есімді ер адамды марапаттау рәсіміне шақырды. Алайда ол қыздың жағдайына байланысты одан бас тартты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная