23 қараша 2021 12:44

Елордада инкассаторлар ақшасын ұмытып кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Елордада өтіп бара жатқан жолаушылар терминал маңында инкассаторлар ұмытып кеткен ақшаны табуға көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шапағат" сауда үйінің маңында сағат 09.40 шамасында "РТВМ терминал" көше аппаратының алдында куәгерлер пластикалық кейсті байқаған. Олар табылған затты 102 операторына хабарлап, содан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына келген.

Реклама
Реклама

"City Transportation Systems компаниясының қызметкерлері 209 мың теңге сомасындағы ақшаны байқамай ұмытып кеткен. Табылған зат полицияға жеткізіліп, кейін көлік компаниясына қайтарылды", - делінген хабарламада.

Елордалық полиция департаментінің басшылығы тұрғындарға "саналы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін" алғысын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Алматыда нөсер жауады