02 тамыз 2020 | 14:34

Елордада жаңа саябақ ашылады

Елорданың тұрғын алабында жаңа саябақ құрылысы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорданың тұрғын алабында жаңа саябақ құрылысы жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Біз әр ауданда, әр елді-мекенде арнайы орындардың болғанын қалаймыз. "Көктал" елді-мекенінде үлкен саябақтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол үш аймақтан тұрады. Біріншісі - тыныш демалыс аймағы. Ол жерд амфитеатр болады, 4 мың 300-ден астам ағаш отырғызамыз. Екінші аймақ - спорттық демалысқа арналады. Ол жерде футбол алаңын, волейбол және баскетбол алаңын, теннис кортын орнатамыз. Сондай-ақ, скейтбордтық алаң және йога орны болады", - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында.

Реклама
Реклама

Үшінші аймақ - балалардың демалысына арналған орын. Барлық аймақтарды қыста да қолдануға болады. Тұрғындар конькимен, шаңғымен және басқаларымен шұғылдана алады.

"Жалпы биыл 50 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150-ге жуық ауланы абаттандырамыз. Сонымен қатар, елді-мекендерде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, тағы біреуі келесі жылы басталады", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram