ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2020 | 15:36
Елордада жатақханалар коронавирус жұқтырған науқастарға беріледі
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада коронавирусқа байланысты ахуал өршіген жағдайға мыңға жуық орын дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада коронавирусқа байланысты ахуал өршіген жағдайға мыңға жуық орын дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ramada Plaza қонақ үйінде қосымша 500 орын дайындалды. Оның 65 пайызында науқастар жатыр. Ахуал өршіген жағдайға оқу орындарының жатақханасында мыңға жуық орын дайындалып жатыр, ол бойынша санитарлық дәрігерлермен жұмыс істеп жатырмыз", - дейді әкім ОҚК брифингінде.
Қала әкімі Ғылыми кардиоорталықта жағдайы ауыр науқастарға 60-тан аса орын дайын екенін айтады.
"Сондай-ақ қосымша 200 жасанды тыныс алдыру аппараты мен оттегі концентратына арналған құрылғы - 500-дей флоуметр мен қосымша екі компьютер томографиясы алынып жатыр", - дейді Көлгінов.
Оның айтуынша, компьютерлік томография жүктемені бірдей бөлу үшін әкімдік қаланың барлық - мемлекеттік және жеке клиникаларын тартты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также