21 қазан 2019 | 09:00

Елордада жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй кешендері белгілі болды

© astana.gov.kz

Елордада жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй кешендері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордада жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй кешендері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, кеше қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты.

Реклама
Реклама

"Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Көлгінов құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды (Сарыбұлақ өзенінің бойындағы Тілендиев даңғылы). Осы тұрғын үй кешенінің кілттерін 530 адам алады. Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да беріледі. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Нұр-Сұлтан әкімінің айтуынша, ғимаратқа барлық инженерлік желі жүргізілген, аумағы абаттандырылғанда, яғни толығымен дайын болған кезде ғана үйді пайдалануға беру қажет. 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен тапсырылған пәтерлердің жалпы саны - 2400.

Сондай-ақ, келесі жылы тұрғын үй көлемінің 3 есеге артатыны айтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная