25 мамыр 2021 | 13:12

Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолымен жүргендерге айыппұл салына бастайды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда 26 мамырдан бастап "Сергек" қоғамдық көлікке арналған жолмен жүргендерді қайта тіркей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда 26 мамырдан бастап "Сергек" қоғамдық көлікке арналған жолмен жүргендерді қайта тіркей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті 26 мамырдан бастап "Сергек" АӨК Қабанбай батыр даңғылы бойынша айналма жолайырығынан (Қарқаралы тас жолы) Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде бөлінген қоғамдық көлік жолағында жолда жүру ережелерін бұзғандарды қайта тіркей бастайтынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Көрсетілген бағытта тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ осы жолақтың бар екені туралы хабардар ететін жол таңбасы салынған, бүгінде олардың талаптарын сақтау міндетті екені айтылды.

Реклама
Реклама

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуды және жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа ала отырып жүруді сұраймыз.

Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақ пен ұсыныс бойынша 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whats аpp 8-708-382-13-76 телефондары бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына хабарласуға болады", - деді ПД өкілдері.

Қабанбай батыр даңғылында бес жолақты қозғалыс ұйымдастырылады. Үш жолақ, соның ішінде Bus Lane, қалаға қарай, ал екі жолақ Қосшы ауылына қарай бағытталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная