ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 наурыз 2020 10:20
Елордада карантинге жабылған жатақхана: Науқаспен байланыста болған адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтанда жатақхананың карантинге жабылу себебі - онда коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған тұрғын анықталды. Елордалық әкімдіктің мәліметінше, ол адамнан да коронавирус анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жатақхана карантинге жатқызылды, себебі онда науқаспен байланыста болған адам жатты. Қазір ол стационарда, коронавирус анықталды", - деді әкімдіктегілер.
Айта кетейік, жатақхана Сәдуакасов көшесі, №19/1 үйде орналасқан. Онда 28 бөлме бар, 100-ге жуық адам тұрады.
Еске салайық, кеше елордада жатақхананың карантинге жабылғаны хабарланған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу