24 желтоқсан 2019 | 09:52

Елордада қарды уақытылы тазаламаған 50 компанияға айыппұл салынды

© facebook.com

Елордада қарды уақытылы тазаламағаны үшін 50 ПИК (басқарушы компаниялар, ЖШС) айыппұл салынды. Жалпы сома 1 миллион 187 мың теңгеден асты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі Ақмарал Олжабай Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордада қарды уақытылы тазаламағаны үшін 50 ПИК (басқарушы компаниялар, ЖШС) айыппұл салынды. Жалпы сома 1 миллион 187 мың теңгеден асты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі Ақмарал Олжабай Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

Қысқы кезеңнің басынан бастап "Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу" ҚР ӘҚБК 505-бабын бұзғаны үшін 23 мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 1 миллион 800 мың теңгеге жеткен.

Реклама
Реклама

Мысалы, "REM.KZ" ЖШС Азия парк СОО-ның маңайындағы аумақты дер кезде қар мен мұздан тазаламағаны үшін 126 250 теңге айыппұл салынды.

Айта кету керек, кеше қаланы қардан тазалау жұмыстарына 1 мыңнан астам арнайы техника мен 1652 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 23 желтоқсаннан 24 желтоқсанға қараған түні 24 150 текше метр қар шығарылды (2013 рейс). Барлығы 1 051 668 текше метр қар шығарылды, бұл 87 639 рейс.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная