06 тамыз 2019 | 17:19

Елордада құрбандық шалатын орындар бекітілді

Нұр-Сұлтан қаласында құрбандық шалатын орындар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласында құрбандық шалатын орындар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Биыл Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады. Соған орай қалалық әкімдік құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.

Реклама
Реклама

"Әзірет Сұлтан" мешітінің өкілдері Байқоңыр ауданында келесі орындарда құрбандық шалуға болады деп хабарлайды:

"Нұрбереке-555" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маңында;

Алаш тас жолы 30 "Рубиком" мен "Әмір" сауда үйінің ортасында;

"Жайлау" тұрғын үй кешенінде;

Алаш тас жолы 313 көшесі"Шәушен" шағын қалашығында, "Астана-Павлодар" авто жолынан 9 шақырым;

"Темеш" шаруа қожалығы Нұр-Сұлтан - Софиевка авто жолынан 7 шақырым жерде құрбандық шалуға болады.

Сарыарқа ауданында "Ұлжан" әмбебап базары яғни бұрынғы "Саянұр" базарының маңы;

Есіл ауданында "Алтын-Таға" базары Қосшы ауылының алды;

Алматы ауданында "Метро" сауда үйінің яғни Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная