ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2019 | 17:28
Елордада марафон кезінде қай көшелер жабылады
Нұр-Сұлтанда 24 және 25 мамырда қайырымдылық марафонын өткізу кезінде автокөлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда 24 және 25 мамырда қайырымдылық марафонын өткізу кезінде автокөлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанға 26 елден 7500 спортшы және 3000-ға жуық қонақ жиналады. IV қайырымдылық BI Marathon 26 мамырда сағат 7:00-де басталады. Ал 800-ге жуық бала бақ сынайтын (2 шақырым және 5 шақырым) жарыс Триатлон саябағында сағат 10:00-де басталады.
"24 және 25 мамырда сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін "Сарыарқа" СОО-да старт пакеттері беріледі. Балалар жарысына арналған старттық пакеттерді 25 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Триатлон саябағынан алуға болады. Айта кетейік, балалар жүгірісі мен негізгі марафон ойын-сауық бағдарламаларымен сүйемелденеді, ал 26 мамырда жүгірушілер бағытының барлық жолында музыканттар қолдау көрсетеді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Показать комментарии
Читайте также