06 мамыр 2021 10:42

Елордада мереке күндері автобустар қалай жүреді? 

CTS көлік компаниясы Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көліктер 9 мамырдан басқа күндері қалыпты режимде жүретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

CTS көлік компаниясы Нұр-Сұлтанда мереке күндері қоғамдық көліктер 9 мамырдан басқа күндері қалыпты режимде жүретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"9 мамырда, жексенбіде Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңында жүретін автобустар бір күн жұмыс істемейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Қалған мереке күндері, атап айтқанда 7, 8 және 10-ы елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді", - деп хабарлады компания өкілдері.

Олар тұрғындардан маска тағу режимін сақтауды сұрады. Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру ақысы тек қолма-қол ақшасыз: картамен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram