18 мамыр 2020 12:12

Елордада орталық базар жұмысын бастады

Фото: astana.gov.kz

18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандағы орталық базар жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандағы орталық базар жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігі орталық базардың жұмысын тексергенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бүгін біз СЭС органдарымен бірге карантинді жеңілдету аясында орталық базар жұмысын қалпына келтіру дайындығын тексердік. Дайындық жоғары. Негізінде, барлық базарлар антисептик, маскалармен қамтамасыз етіліп, логистика ұйымдастырылды. Базар басшылығымен санитарлық нормалардың сақталуына бақылау жүріп жатыр. Бақылау әрі қарай жалғасады", - деді қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмурзаев.

"Орталық базар" басқарушы компаниясының директоры Атахан Абдижалиловтың айтуынша, саудагерлер мен базар қызметкерлері антисептик, қолғап, санитайзерлермен толық қамтымасыз етілген.

"Біз мұны күнделікті тексереміз", - деді ол.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram