Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5 пайызға ұлғайды

© astana.gov.kz

?стіміздегі жылды? сегіз айында барлы? ?аржыландыру к?здеріні? есебінен 13373 п?терлік т?р?ын ?йлер пайдалану?а берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ?кімдігіні? реми сайтына сілтеме жасап. Пайдалану?а берілген т?р?ын ?йлерді? жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді ??рады, б?л 2015 жыл?ы ?а?тар-тамызда?ы де?гейден 24,5 пайыз?а жо?ары.

Үстіміздегі жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің реми сайтына сілтеме жасап. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5 пайызға жоғары.

Астана қаласының статистика департаментінің хабарлауынша, жеке салушылармен жалпы ауданы 120064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға - 3,9 есе. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1 пайызды құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6 пайызды құраған болатын.

2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91374,9 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызда - 107,3 пайыз. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8 пайызды құрады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама