Елордада салық органдары мүгедектердің көмекшілерінен табыс салығын заңсыз алып келген

© Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда салық органдары мүгедектердің көмекшілерінен табыс салығын заңсыз алып келген. Бұл туралы мүмкіндігі шектеулі жандар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның жиынында айтты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Нұр-Сұлтанда салық органдары мүгедектердің көмекшілерінен табыс салығын заңсыз алып келген. Бұл туралы мүмкіндігі шектеулі жандар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның жиынында айтты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, заңға қайшы әрекеттерге барған салық органы өз пайдасына 30 миллионнан артық сома өндіріпті. Елордалықтадың сөзіне сенсек, мамандар жылдар бойы заңсыз түрде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолғабыс ететін көмекшілерден табыс салығын алып келген. Жиналған қаржыны қайтару туралы қаулы баяғыда шықса да, бас қаладағы мамандар мәселені шешіп берер түрі жоқ, дейді.

"Баяндамада салық органы біздің көмекшілерімізге жеке табыс салығын қайтарды деген ақпарат айтылды. Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Орал сынды қалаларда шынымен де қайтарды. Бірақ, біздің қалада емес. Салық органдары еш жауап бермей отыр", - деді "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Астана" корпоратив қорының мүшесі.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгінде елордада мүгедектердің жеке көмекшілер саны 400-ден асады. Оларға бас қалада жауапты жалғыз ғана қоғамдық бірлестік бар. Оның басшысына сенсек, жылдар бойы салықтан қордаланған қаржы 30 миллион теңгеден асады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама